Қазатомөнеркәсіп қаңтар-қыркүйекте таза пайдасын 5,5 есеге азайтты

размер шрифта: Aa | Aa
21.10.2013 09:55

Қазақстанның ұлттық "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 9,235 млрд теңге таза пайда алды, делінген компанияның халықаралық стандарттарға сай шоғырланбаған аудиттелмеген қаржылық есебінде.

Ұлттық компанияның 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі таза пайдасы 51,201 млрд теңгені құраған. Демек, есептік мерзімде компанияның таза пайдасы 5,5 есеге азайған.
Жылдың басынан бері "Қазатомөнеркәсіп" активтері 8,7% азайған, 340,7 млрд теңгеге дейін, міндеттемелері 21,4% азайған - 125,6 млрд теңгеге дейін, өзіндік капиталы керісінше 0,7% артқан, 215,1 млрд теңгеге дейін, жарғылық капиталы өзгермеген, 36,7 млрд теңге деңгейінде қалған.
"Қазатомөнеркәсіп" компаниясы Қазақстанның уран мен оның қоспаларын экспорттау жөніндегі ұлттық операторы.

Алматы.18 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту