«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру қажет - Елбасы

размер шрифта: Aa | Aa
19.10.2013 09:56

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мұнай-газ кеңесінің отырысын өткізді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Кездесуде мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың, оны жаңғырту мен әртараптандырудың өзекті мәселелері қаралды.

Нұрсұлтан Назарбаев еншілес компаниялар арасында функциялардың қайталануын жойып, корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкестендіру мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы мұнай өнімдерінің ішкі нарығын ретке келтіруге және мұнай өңдеу саласын дамытудың нақты перспективасын анықтаудың маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ, кездесу барысында Солтүстік Каспий жобасын одан әрі іске асыру жайы және «Теңізшевройл» ЖШС қызметімен бірге мұнай-газ секторының өзге де өзекті мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Автор: Н. Нурахмет

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат

Ключевые слова: Мұнай-газҚазақстан Президенті«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту