Қызылорда облысы мұнай өндіруде төрттікке енді

размер шрифта: Aa | Aa
21.10.2013 09:59
Қызылорда облысы мұнай өндіру көлемі жөнінен республикада үздік төрттіктің қатарына енді. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Бақыт Сапар мәлімдеді.

«Аймағымыздағы өнеркәсіп өндірісінің 85,1 пайызы мұнай өндірісінің үлесіне тиесілі, - дейді ол.

2013 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 985,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2012 жылдың қаңтар-қыркүйектегі деңгейден 0,7 пайызға кеміген. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1,8 пайызға азайса, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 15,8 пайызға көтерілді.

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 қазан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Қызылорда облысыМұнай-газҚР Статистика агенттігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту