Астанада Бүкіләлемдік мұнай кеңесін өткізу туралы шешім 23 қазанда қабылданады

размер шрифта: Aa | Aa
22.10.2013 10:00
22-24 қазан күндері Канаданың Калгари қаласында IV Бүкіләлемдік мұнай кеңесі өтіп, оған ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин қатыспақ.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Осыған орай мен бұл форумның Қазақстан үшін маңыздылығына ерекше назар аударғым келеді. Өздеріңізге белгілі болып отырғандай, Астана 2017 жылы Бүкіләлемдік мұнайшылар конгресін өткізуге өтінім берді. Астанамен қатар Американың Хьюстон, Ыстамбұл және Копенгаген қалалары да осынау шараны өткізуге ниет білдіруде. Бүкіләлемдік конгресс өтетін қаланы таңдауға дауыс беру 23 қазанда өтеді әрі біз Қазақстанның пайдасына шешілетіндігіне үміттіміз», - деді ресми өкіл.

Автор: Марлан Жиембай

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат  

Ключевые слова: Мұнай-газАстанаҚазақстанның сыртқы саясаты
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту