Қашағанда мұнай өндірісінің тоқтатылуы бюджетке және Қазақстанда мұнай өндірісі жөніндегі болжамдарға ықпал етпейді –Экономика министрлігінің жетекшісі

размер шрифта: Aa | Aa
25.10.2013 09:58

2013 жылға арналған республикалық бюджетті құрау кезінде Қашағанда коммерциялық мақсатта мұнай өндірісі ескерілген жоқ, демек, кен орнында жұмыстардың кезекті рет тоқтатылуы бюджеттің кіріс бөлігіне әсер етпейді, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" экономика және бюджет жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

Бұл туралы ол Астанада бейсенбіде айтты.
Мұнай және газ министрлігінің болжамдарына қарағанда, Қазақстанда биыл өндірілетін мұнай көлемі 82 млн тонна деңгейінде белгіленген.
Алдында 9-қазан күні Қазақстанның мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин "ИФ-Қазақстанға" Қашаған кен орнында коммерциялық мақсатта мұнай өндіріле бастады, деп хабарлаған болатын.
Қашағанда мұнай өндірісі 11-қыркүйекте басталған.
Қашаған мұнай кен орнын North Caspian Operating Company (NCOC) консорциуымы игеруде, оның акционерлері AgipCaspian Sea B.V. (16,81%), KMG Kashagan B.V. (16,81%), ConocoPhillips North Caspian Ltd. (8,4%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,81%), Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,56%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,81%) және Total EP Kazakhstan (16,81%).
Бұл кен орны Аляскада 1968 жылы ашылған Прудо Бэй кен орнынан кейінгі ең ірі кен орны болып саналады

Астана. 24 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту