Қазақстанда Аи–92 бензині қымбаттады

размер шрифта: Aa | Aa
25.10.2013 11:58

Қазақстанда мұнай өнімдерінің бөлшек саудасы үшін мөлшерлі баға арттырылды, деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік агенттіктен.

Аталмыш агенттіктің 24-қазан күнгі бұйрығына орай қосымша құн салығын қосқанда Аи–92 бензиннің бағасы бір литр үшін енді 115 теңге (бұрынғы бағасы- 110 теңге).
Ақпаратқа қарағанда, дизель отыны мен Аи-80 бензин бағасы бұрынғысынша қалған, сәйкесінше бір литрі үшін 102 теңге және 89 теңге.
Мемлекеттің мұнай өнімдерінің бөлшек саудасына мөлшерлі баға белгілейтіндігі белгілі. Алайда мұнай өнімдерінің көтерме саудасына мемлекеттік реттеу жүргізу көзделмеген.

Астана.25 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту