Екібастұз ГРЭС-і жөнделген энергоблокты 2014 жылы іске қосады

размер шрифта: Aa | Aa
28.10.2013 13:23

Екібастұз ГРЭС-і жөнделген №2 энергоблокты 2014 жылы іске қосады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
Энергоблокты қалпына келтіруге жұмсалған инвестиция 410 млн доллар.

"Қалпына келтіру жұмыстары 2011 жылдан бері жүргізіліп отыр. Қазіргі уақытта қазандық каркасының металл конструкциялары қайта жөнделген, құбыр генераторының іргетасы жасалған, сорғыштардың монтажы жүргізілген", делінген онда.
N2 энергоблокты қайта құру жобасы Қазақстанды үдемелі индустриалды-инвестициялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының индустрияландыру картасына енеді және 1 млрд доллардан асатын көлемді инвестициялық жобаның бөлігі болып табылады.
"Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС Kazakhmys энергетикалық бөлімшесінің құрамына кіреді.

Алматы.28-қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту