«Павлодар» АЭЗ Дубайдағы халықаралық форумда таныстырылды

размер шрифта: Aa | Aa
25.10.2013 13:47
Химия және мұнай-химия салаларын дамытып, жоғары технологиялы экологиялық қауіпсіз өндіріс құруға бағытталған «Павлодар» АЭЗ Дубайда таныстырылды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Мұнда кеше ауқымды еркін сауда және арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша халықаралық форум аяқталды. Ол БҰҰ сауда және даму бойынша Конференциясының қолдауымен өтті. Мұнда түрлі елдердің сауда және индустрия министрлері, ірі халықаралық инвестициялық агенттіктердің өкілдері, көліктік және логистикалық кәсіпорындардың жетекшілері мен арнайы экономикалық аймақтардың өкілдері жиналды.

Қазақстандық делегацияның құрамында Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов, «Павлодар» СПК АҚ басқармасының төрағасы Алмас Мәдиев, «Омат» ФК президенті Тұрарбек Рақыш бар.

ПАВЛОДАР. 24 қазан. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ӨнеркәсіпЭкономикаЭкология
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту