Қазақстанда жанармай бағасы көтерілді

размер шрифта: Aa | Aa
25.10.2013 13:49

 Қазақстанда жанармай қымбаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне сілтеме жасап.

«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар ҚҚС есебімен мына мөлшерде белгіленді: дизель отыны - 1 литрге 102 теңге; Аи-80 - 1 литрге 89 теңге; Аи-92 - 1 литрге 115 теңге», - деп көрсетілген хабарламада.

 Мұндай өзгеріске төмендегі факторлар себеп болды. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің деректері бойынша үстіміздегі жылдың 15 қазаны бойынша Брент маркалы мұнай бағасы барреліне 109,65 АҚШ долларын құрады. Бұдан басқа ДСҰ талаптарына сәйкес, сондай-ақ Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өңделген Темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімге сәйкес бағыттар түрі бойынша (республика іші, экспорт және импорт) тарифтерді кезең бойынша унификациялау жүргізуге байланысты үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап мұнай өнімдерін теміржолмен ішкі бағытта тасымалдау тарифтері орташа есеппен 44% өсті.

 «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» 2013 жылғы 24 қазандағы №316-НҚ Агенттіктің бұйрығы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісілген.


АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту