Биыл Ұлттық қор активтері 3,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды - ҚР ЭБЖМ

размер шрифта: Aa | Aa
31.10.2013 13:50
ҚР Ұлттық қорының активтері 2013 жылдың соңына дейін еліміздің мұнай секторы кірістерінің ұлғаюы есебінен 3,4 трлн теңгеге дейін артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Мұнай бағасы болжамының ұлғаюына байланысты Ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін түсімдер 407,3 млрд теңгеге ұлғаяды және барлығы 3,4 трлн теңгені құрайтын болады», - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің көлемі бекітілген 1 трлн 380 млрд теңге деңгейінде сақталады. Ал мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер 5,6 млрд теңгеге азайтылды.

 

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту