Мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 106,3 АҚШ доллары шегiнде болады – Е.Досаев

размер шрифта: Aa | Aa
01.11.2013 11:30

 2013 жылдың қорытындысы бойынша бір баррел мұнайдың орташа жылдық бағасы 106,3 АҚШ доллары шегiнде болады деп күтiлуде. Бұл туралы бүгiн Үкiмет отырысы барысында ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Тауар нарығындағы әлемлiк бағаның өзгеруіне байланысты бiр баррел мұнайдың әлемдiк бағасы болжамдық деңгейде 106,3 АҚШ долларына дейiн ұлғайды», - деп атап өтті министр. 

«Мәселен, алдын ала есептеулер бойынша соңғы 9 айда бiр баррел мұнайдың орташа бағасы 108,7 АҚШ доллары деңгейiнде қалыптасты және баға 100 АҚШ доллары деңгейiнде сақталған жағдайда 2013 жылдың қорытындысы бойынша бiр баррел мұнайдың орташа жылдық бағасы 106,3 АҚШ доллары шегiнде болады деп күтiлуде», - деп толықтырды Ерболат Досаев.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА
АСТАНА. 31 қазан 2013. BNews.kz 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту