2014 жылы электр энергиясының тарифтері өседі – KEGOC

размер шрифта: Aa | Aa
08.11.2013 09:01

 2014 жылы электр энергиясының тарифтері өседі, деп хабарлады KEGOC электр желілерін басқару ұлттық компания басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев.

"KEGOC компаниясы тарапынан келесі жылы тарифтер шамамен 9% арттырылады, шығындарымыз көбейіп отыр. Оның үстіне қазір инвестициялық жобаларды орындау процесіндеміз, оған да қаражат керек. Тұтас алғанда, келесі жылы Қазақстан бойынша электр энергиясы қымбаттайды, өйткені 2015 жылға дейін бекітілген шектеулі тарифтерге қатысты үкімет қаулысы бар", деді ол Астанада бейсенбіде президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.
"Түпкілікті тұтынушы алатын электр энергиясы құнының жалпы құрылымында біздің үлесіміз көп емес,10 пайыз шамасында", деді ол.
KEGOC Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелі операторы функцияларын орындайды. Оның балансында кернеуі 110-1150 кВ электр өткізгіш линиялар бар, ұзындығы 24,5 мың шақырым.

Астана.7 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту