Қашаған кен орнында құбырды тексеру үшін робот пайдаланылуда - Атырау облысы

размер шрифта: Aa | Aa
14.11.2013 09:35
 Қашаған кен орнында құбырлардың бірінен газдың ауаға шығуына байланысты мұнай өндіру тоқтатылып, онда қазір тексеру жұмыстары үшін робот қолданылуда.

Бұл туралы ҚР қоршаған орта мен су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров пен мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақовтың «Болашақ» зауытына барған сапарында белгілі болды.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қашаған кен орнынан «Қашаған» кешеніне баратын жер үстіндегі газ құбырынан екі рет газ шыққаннан кейін, құбырларды тексеру жұмыстары басталды. Газ шыққан құбырлар табылып, олар ауыстырылды. Қазір сарапшылар газдың азаюының себептерін анықтап жатыр.

Бақылау мен зерттеу жұмыстарына бірнеше жұма кетеді деп болжанып отыр. Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру бақылау аяқталып, сараптамалық зерттеулердің нәтижесі шыққанша тоқтатылды.

АТЫРАУ. 14 қараша. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыЭкологияМұнай-газҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту