ҚазМұнайГаз таяудағы екі жылда IPO өткізуі мүмкін – Ұлттық банк басшысы

размер шрифта: Aa | Aa
15.11.2013 16:07

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы алдағы екі-үш жылда ғаламдық IPO өткізуі мүмкін, деп Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
«Ірі стратегиялық компаниялар, мысалы «ҚазМұнайГаздың» халықтық IPO және ғаламдық IPO туралы айтатын уақыт алыс емес. Демек, біз алдағы екі-үш жылда «ҚазМұнайГаздың» ғаламдық IPO-сы болады деп күтеміз», - деп ол бүгін Алматыда теңгенің 20 жылдығына арналған конференцияда атап көрсетті.

Компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры. Жарияланған жай акциялар саны 849 559 596 дана, оның ішінде 521 724 560 данасы орналастырылды.
"ҚазМұнайгаз" «Халықтық IPO» бағдарламасына да енгізілген.

Алматы. 15 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту