Маңғыстау облысында болған апат салдарынан үш жарым мың шаршы метрге жуық топыраққа мұнай қалдықтарымен ласталды

размер шрифта: Aa | Aa
19.11.2013 09:43

Маңғыстау облысының экологтары бензин таситын машина мен пойыздың соқтығысуы салдарынан келтірілген залалды есептеп жатыр.
«Апат болған жерде 3480 шаршы метр аумақ мұнай қалдықтарымен ластанған», - деп дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында облыстық Экология департаменті бастығы Ермек Омаров мәлім етті.

«Жалпы, цистерналарда қанша мұнай болғаны әзірге белгісіз. Жер қойнауын пайдаланушылардан сұрастыруымыз керек. Себебі, жанып кеткен 17 цистернаның бәрінде мұнай болмаған. Тексеру үшін топырақтан сынама алынды, оның нәтижесі бір аптадан кейін белгілі болады. Топырақтың ластану деңгейін сараптама нәтижесі көрсетіп береді», - деді ол.
«Ластанған 500 тонна топырақты мұнайшылар алып кетті. Көлемін есептеп, сынама алғаннан кейін біз рұқсат еттік. Лас топырақ Баянды ауылының сыртындағы арнайы полигонға жеткізілді. Алынған топырақтың орнына жаңасы төгіледі», - деді Е.Омаров.
Апат болған аймақтағы мазут қалдықтары төгілген топырақ бірнеше күнде сыртқа шығарылуы тиіс.
Департамент болса апатқа себепші болған көлік қожайыны «Еміройл» ЖШС жоспардан тыс тексеруге кірісіпті.

Ақтау. 18-қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту