Қазақстан ДСҰ аясында мұнайгаз саласындағы жергілікті қамту жеңілдіктерін 2020 жылға дейін сақтап қалуға мүдделі - Ж. Айтжанова

размер шрифта: Aa | Aa
19.11.2013 11:38
 Қазақстан ДСҰ аясында мұнайгаз саласындағы жергілікті қамту жеңілдіктерін 2020 жылға дейін сақтап қалуға мүдделі.

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова осылай мәлім етті.

«ДСҰ аясындағы келіссөздердің маңызды бөлігі Қазақстанның мұнай, газ және тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істеп жатқан инвесторлармен қол қойылған келісімдеріндегі отандық тауарларды сатып алу талабы бойынша жүргізілуде. Бүгінгі таңда мұнайгаз және тау-кен саласында 564 инвестициялық келісімшартқа қол қойылған болатын, осы келісімшарттардың шеңберінде шетелдік және отандық инвесторлар өздерінің міндеттемелерін жүзеге асырып жатыр. Осы бойынша сатып алынатын қазақстандық тауарлардың орташа есептегі көлемі 13 пайыз шамасында болып табылады», дейді министр Ж. Айтжанова.

Министрдің айтуынша, аталған келісімшарттар негізінде қазақстандық өндірушілер жеңілдіктерді пайдалануда. «Бұл жеңілдіктерді сақтап қалу бойынша біз 2020 жылға дейін оны мемлекет тарапынан қолдану үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді министр.

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газПарламентҚР Экономикалық интеграция істері министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту