KEGOC "Халықтық IPO" шеңберінде акцияларын 2014 жылдың екінші тоқсанынан ерте орналастыра қоймас – "Самұрық-Қазынаның" басқарушы директоры

размер шрифта: Aa | Aa
22.11.2013 14:48

 KEGOC "Халықтық IPO" шеңберінде акцияларын 2014 жылдың екінші тоқсанынан ерте орналастыра қоймас, деп санайды "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының басқарушы директоры Питер Хауз.


Бұл туралы ол Астанада жұмада журналистерге айтты.
Оның айтуынша, KEGOC-тан соң ішкі рынокқа акцияларын шығару кезегіндегі компаниялар тізімінде "Самұрық-Энерго" компаниясы тұр.
Сонымен қатар П.Хауз жылына бірден екі компанияға қатысты "Халықтық IPO" өткізу керек деп санамайды.
"Жылына екі компаниядан көп шығару халық үшін жақсы емес, оған қандай компания екендігін түсіну үшін біраз уақыт керек", деді ол.
Алдында KEGOC "Халықтық IPO" 2013 жылдың екінші жартыжылдығында шығады, деп көзделген болатын.
Іс жүзінде "Халықтық IPO"-ға әзірге "ҚазТрансОйл" ғана шықты ( 2012 жылдың желтоқсаны).

Астана. 22 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту