Қытайда тұрба құбыры жарылу салдарынан жиырмадан астам адам қайтыс болды

размер шрифта: Aa | Aa
22.11.2013 17:38

Қытайдың шығысында мұнай құбырының жарылуы салдарынан 22 адам қайтыс болып, жеті адам ауыр жарақат алды. Бұл туралы қытай БАҚ мәлімдеді.

Жарылыс жұма күні таңертең Циндао қаласының Хуандао ауданында болған.
Жарылыстан кейін шыққан өртті сөндіруге жүзде астам өрт сөндіруші кірісті.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа құбырдан мұнай өнімдерінің сыртқа ағуы себеп болған.
Жергілікті билік көрші аудан тұрғындарын сабыр сақтауға шақырып, оқиғаны толық бақылауға алғандарын айтқан.

Пекин. 22 қараша. ИНТЕРФАКС 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту