Атырау мұнай өңдеу зауыты жылына 285 мың тоннаға дейін күмәнді мұнайды өндіріп келген

размер шрифта: Aa | Aa
20.11.2013 12:35
Атырау МӨЗ 2009 жылы шыққан жері белгісіз 285 мың тонна күмәнді мұнайды өңдеген.

2012 жылы мұнайдың күмәнді айналымы 21 мың тоннаға дейін төмендеді, ал ағымдағы жылы әзірге барлығы 1,5 мың тонна шикізат анықталды, деп хабарлады Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Ізжанов.

Оның сөзіне қарағанда, Атырау мұнай өңдеу зауытына мұнайдың 97 пайызы құбыр арқылы, қалған 3 пайызы теміржол көлігі арқылы тасымалданады. Цистерналар арқылы жеткізілген мұнайдың шығу жолын анықтаған қаржы полицейлері Атырау МӨЗ-ға өңдеуге сапасыз мұнай жеткізіп отырған қылмыстық топты анықтады.

«Сараптамалық жұмыс нәтижесінде заңсыз мұнай айналымы фактісі бойынша 1 миллиард теңге сомасында 17 компанияға қатысты 27 қылмыстық іс қозғалды», - деп ақпараттандырды Қ.Ізжанов.

АТЫРАУ. 20 қараша. ҚазАқпарат

Ключевые слова: Қаржы полициясыҚылмыспен күресӨнеркәсіпАтырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту