Имашев газ конденсатының кені келешекте Астрахань зауытында өңделуі мүмкін - Мұнай және газ министрі

размер шрифта: Aa | Aa
22.11.2013 12:05
Имашев газ конденсатының кені келешекте Астрахань зауытында өңделуі мүмкін.

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Тоқтала кететін жайт, сенатор Сәрсенбай Еңсегенов «Имашев газ конденсаты кен орнын» Ресеймен бірге игеру туралы ақпаратқа орай Мұнай және газ министріне сауал жолдап, оның нақты жағдайын сұраған болатын. «Аталған кен орны бұрыннан белгілі, бес жыл бұрын біріккен кәсіпорын да құрылған, алайда оның жұмысы бізге белгісіз. Бұл кен орны Атырау облысы Құрманғазы ауданының елді мекендеріне жақын орналасқан. Кен орнында көмірсутегі де жоғары. Оны игеру қашан басталады? Алынған өнім қай елде өңделеді?», деп сұраған еді сенатор.

Өз кезегінде Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин келісім бойынша «Имашев кен орнын» Қазақстан мен Ресей бірлесе игеретінін атап өтті. «Жақында ғана жасалған келісім бойынша кен орнын бірлесе барлайтын боламыз. Сосын барлық жұмыстың нәтижесі бойынша талқылаулар жүріп, кен орнын игеруге қатысты тағы да қосымша келісім жасалады. Сондықтан да, кен орнының игерілу уақытын белгілеуге әлі ертерек. Сонымен қатар, кен орнынан алынатын мұнай мен газды өңдеу келешекте Астрахань зауытына жіберілуі мүмкін. Бұл біріншіден, кен орнының осы қалаға жақын жатуынан, екіншіден, Имашев газ конденсаты кен орнының күкірт деңгейі аса жоғары. Сондықтан да, жаңа зауыт салу көп қаржыны қажет етуші еді», - дейді Ұ. Қарабалин.

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Қазақстан және РесейСенатМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту