Қашаған кен орнындағы төтенше жағдай себептерін анықтауға Оксфорд ғалымдары қосылды

размер шрифта: Aa | Aa
22.11.2013 12:07
Қашаған кен орнындағы ТЖ себептерін анықтауға Оксфорд ғалымдары қосылды.

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кен орнында мұнай өндіре бастағаннан кейін екі рет «Болашақ» зауытына келетін газ сыртқа шығып кеткен. Сол жердің өткізгіш құбырларының фрагменттері ағылшын ғылыми орталығына сараптама жүргізу үшін жіберілді.

Еске сала кетейік, Атырау облысының экология департаменті консорциумға қатысты кезектен тыс тексеріс жүргізіп жатыр.

ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тексерудің мақсаты - Қашаған кен орнынан мұнайды кешенді дайындау бойынша «Болашақ» зауытына жеткізілетін құбырдың жердің үстіндегі бөлігіндегі күкіртті сутекті газдың жылыстауынан қоршаған ортаға келтірген экологиялық залалының мөлшерін анықтау.

АТЫРАУ. 22 қараша. ҚазАқпарат

Ключевые слова: Мұнай-газЭкологияАтырау облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту