Мұнай мен газ саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған құжатқа қол қойылды

размер шрифта: Aa | Aa
27.11.2013 12:47

Мұнда мезгілінде жалақы алу, жұмыс уақытын реттеу мен демалысты дұрыс ұйымдастыру сияқты негізгі мәселелер қамтылған.

2014-16 жылдарды қамтитын салалық келісімшартты KAZENERGY қауымдастығы дайындап, үйлестіру кеңесіне қатысқан ҚР Мұнай және газ министрлігі мен мұнай-газ секторы жұмысшылары мен кәсіподақ ұйымдарының назарына ұсынды. Құжат қабылданған жағдайда мұндағы міндеттердің орындалуын тараптар үшжақты қадағалауға алады.

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы:

- Бұл – жұмысшыларды қорғайтын шарт. Мұнда жалақыны уақытылы алу, сондай-ақ жұмыс уақытына қатысты мәселелер баяндалған. Жұмысшы аптасына 40 сағат жұмыс істеу керек. Одан артық істесе, қосымша төлемақы берілуі шарт. Демалыс мерзімі жыл сайын 24 күннен кем болмауы керек екендігі де айтылған. Келісімшарт осы мәселелерді шешеді.

www.24.kz

Сейсенбі, 26 Қараша 2013 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту