Мұнай-газ саласындағы мамандықтар мен лауазымдардың бірыңғай тізімі жасалады - «KAZENERGY»

размер шрифта: Aa | Aa
27.11.2013 12:51

Мұнай-газ саласындағы мамандықтар мен лауазымдардың бірыңғай тізімін жасау 2014 жылы басталады. Бұл туралы бүгін «KAZENERGY» Қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті.

«Мұнай-газ саласындағы мамандықтар мен лауазымдардың бірыңғай тізімін жасақтауды келесі жылдың басында Мұнай және газ министрлігінің аясында бастауымыз қажет», - деді Ә.Мағауов «KAZENERGY» Қауымдастығы адам капиталын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, әрбір компания, әрбір орган бір лауазым атауын әр түрлі атап жүр. Бұл тапшы мамандықтарды анықтап, оқу орындарына тапсырыс беруде үлкен қиыншылықтарға әкеп соқтырады.

«Біз қазіргі уақытта бір мамандықтың бірнеше атауларын алдық. Енді біздің алдымызда оны біріздендіру мақсаты тұр», - деп атап өтті ол.

Ә.Мағауовтың атап көрсеткеніндей, бұл мұнай-газ саласының мамандықтарға қажеттілік болжамын жасау, жоғары және орта кәсіптік білім беру оқу орындарына сұранысы жоғары мамандарды дайындау жөніндегі ұсыныстарды беру жұмыстарын оңтайландырады.

Осы мақсатта отырыс барысында мамандықтардың бірыңғай тізімін жасау үшін 5 бағыт бойынша жұмыс топтарын құру жөнінде шешім қабылданды.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев  

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: KAZENERGYМағауов
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту