«ҚазТрансОйл» келесі жылдан бастап мұнай айдауға арналған тарифті ұлғайтады

размер шрифта: Aa | Aa
30.11.2013 14:09
«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай айдауға арналған тарифті ұлғайтады, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты ҚТО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оның ішінде экспорттікі - 1000 тонна-км-ге 4 850,6 теңге (ҚҚС-сыз), ішкі нарықтікі - 1000 тонн-км-ге/2 931,8 теңге (ҚҚС-сыз) болады. Жаңа тарифтерді Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) бекітті», - деп хабарлады ҚТО баспасөз қызметі.
Бұрын аталмыш тарифтер тиісінше 1000 тонна-км-ге/4 732,6 теңге және 1000 тонна-км-ге/1 954,5 теңге болған еді.

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат

Ключевые слова: Мұнай-газЭкономикаХалықтық ІРО
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту