«Қазатомпром» басшысы ядролық-жағармай циклі саласындағы жобаларды жүзеге асыру туралы президентке баяндады

размер шрифта: Aa | Aa
06.12.2013 14:54

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Қазатомпром» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьникпен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

В.Школьник Н.Назарбаевтың «Қазатомпром» ҰАК» АҚ стратегиялық даму бағдарламасын, сондай-ақ химиялық индустрия және қалпына келетін энергетика ядролық-жағармай циклі саласындағы ірі индустриалдық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын баяндады.
Н.Назарбаев ұлттық компанияның бірқатар бағыттар бойынша, оның ішінде атом станциясына арналған жинақтар өндірісіне, баламалы энергетика және сирек кездесетін кен өнімдеріне байланысты қызметті күшейту маңыздылығын атап көрсетті.
Кездесу барысында В.Школьник Қазақстан әлемдегі уран өндіру көшбасшысы болуын жалғастырып отырғанын атап көрсетті. Компания инвестициялық бағдарламалар мен әлеуметтік міндеттерін толық орындай отырып, даму қарқыны мен қаржылық тұрақтылығын сақтап отыр. 2010 жылдан бастап әлеуметтік саланы дамытуға 37 млрд теігеден астам қаржы бөлінген.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы кәсіпорын қызметінде қалпына келетін энергетика және сирек кен өнімдерін өңдеу саласында жаңа инновациялық технология пайдалану жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Астана. 5 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту