2014 жылы Қазақстан Энергетикалық хартия конференциясына жетекшілік етпек

размер шрифта: Aa | Aa
09.12.2013 14:58

2014 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстан Энергетикалық хартия жөніндегі конференцияға жетекшілік етпек. Бұл туралы Kazenergy баспасөз қызметі хабарлады.

Хартияның 6-желтоқсан күні Никосияда өткен конференциясының кезекті сессиясында осындай шешім қабылданды.
«Жұма күнгі отырыста сессияларға төрағалық етудің басқа жүйесі мақұлданды. 2014 жылдан бастап мүше мемлекеттер когнференцияны кезекпен басқарады. Ал, Қазақстан конференцияны басқаратын тұңғыш төраға атанбақ», - делінген хабарламада.
2015 жылы төрағалық Грузияға, 2016 жылы Жапонияға өтеді.
Келесі конференция алдағы жылы қараша айының соңында Астанада өтпек.

Алматы. 9-желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту