Қаңтар-қараша аралығында Қазақстанда бензин өндіру көлемі 6% азайды

размер шрифта: Aa | Aa
13.12.2013 11:05

 Биылғы жылдың он бір айында елімізде өндірілген бензин көлемі 5,9 пайызға кеміді. Жыл басынан бері Қазақстанда 2 млн 453 мың тонна бензин өндірілді, деп хабарлайды Мемлекеттік статистика агенттігі.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, аталған уақыт аралығында жермай өндірісі 1,4 есе артып, 115 мың 500 тоннаға жеткен. Дизельді отын өндірісі 8,9% артып, 4 млн 657 мың 900 тонна, отындық мазут өндірісі керісінше, 1,6 пайыз кеміп, 3 млн 410 мың 100 тоннаны құрады.

Алматы. 13-желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту