Қашаған кенішінің теңіз бөлігіндегі құбырлар тексеріледі

размер шрифта: Aa | Aa
10.12.2013 11:11
Атырау облысындағы Қашаған кенішінің Д аралынан «Болашақ» зауытына қарай тартылған құбырдың теңіздегі бөлігі тексеріледі.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, мұндай шешім құбырдың жер үстіндегі бөлігінде ақаулар анықталғаннан кейін қабылданды.

«Консорциум жобаның қауіпсіз іске қосылуын және нысандардың қалыпты жұмыс істеуін өз жұмыстарының маңызды бөлігі деп санайды. Газдың кемуі теңіздегі газ құбырынан да, мұнай құбырынан да анықталмағаннан соң консорциум кен орнында өндірісті жаңғыртқанға дейін нысандардың 100 пайыздық бүтіндігін қамтамасыз ету үшін екі құбырды да толығымен инспекциядан өткізу туралы шешім қабылдады», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Қашаған кен орнында мұнай өндіру 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталды.

АТЫРАУ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту