Арысқұм мұнай кенішінде ілеспе газды қайта өңдеу зауыты салынады

размер шрифта: Aa | Aa
13.12.2013 11:15
Қызылорда облысындағы Арысқұм мұнай кенішінде ілеспе газды қайта өңдеу зауыты салынады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«ПетроҚазақстан Құмкөль Ресорсиз» АҚ Оңтүстік Торғай ойпатында ілеспе газды анағұрлым тиімді пайдалану жобасын әзірледі. Жоба аясында Арысқұм мұнай кенішінде Арысқұм, Кеңлік, Қызылқия, Бектас, Қоныс, Солтүстік Батыс Қызылқия кен орындарында жиналған ілеспе газды әзірлеу үшін қондырғылар орнату қарастырылған.

Қазіргі уақытта «ПетроҚазақстан Құмкөль Ресорсиз» АҚ қондырғылардың құрылысына 85 млн. доллар бөлінді. Зауыт 2014 жылдың соңында іске қосылады деп жоспарлануда.

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газҚызылорда облысыҚұрылысӨнеркәсіп
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту