Қашағаннан 2014 жылы өндірілетін мұнай көлеміне қатысты болжам қайта қаралмақ

размер шрифта: Aa | Aa
14.12.2013 12:51
Қашағаннан 2014 жылы өндірілетін мұнай көлеміне қатысты нақты болжам бірнеше айдан кейін белгілі болуы мүмкін. Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты хабарлады.

ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің айтуынша, бұл кеніштегі құбыр желілерін зерттеу нәтижесіне байланысты. Ол 2013 жылдың аяғы мен 2014 жылдың басында аяқталмақ.
«Біз басында 2014 жылы 8 млн. тонна мұнай өндіруді жоспарлаған едік. Енді қандай жұмыс жасалатынына әрі ұзақтығына байланысты жоспарлайтын боламыз», - деді министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.
Қашаған мұнайы биыл 11 қыркүйекте өндіріле бастады. Алайда, құбырдағы апатқа байланысты 24 қыркүйекте және 9 қазанда тоқтап қалды. Кезекті жөндеуден кейін, мұқият бақылаумен гидросынақ жүргізілді, оның барысында газ шығатын басқа да құбырлар анықталды. Қара алтын өндіру тоқтатылып, зерттеу басталды.
Бұған дейін Қашаған мұнайының бір бөлігі экспортқа «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі мұнай құбырлары арқылы шығарылатыны хабарланған болатын. Компания «Халықтық IPO» бағдарламасының дебютанты, оның акциялары Қазақстан қор биржасында сатылады.

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - 

Ключевые слова: Мұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту