Ақжайық ауданының Көнеккеткен, Қамыстыкөл ауылдарына газ жеткізілді - БҚО

размер шрифта: Aa | Aa
18.12.2013 12:54
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақжайық ауданының Көнеккеткен және Қамыстыкөл ауылдарына газ жеткізілді.

Газ алауын жағу рәсіміне БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекет Тұрсынов және аудан әкімінің орынбасары Тимур Шиниязов, «Батысстройгаз» ЖШС-ның директоры, Қазақстанның құрметті құрылысшысы Сапарғали Айт­қалиев, "Нұржан" ЖШС-ның директоры Әлжан Досмақов қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.

Жайықтың сол жағалауын­дағы жеті ауылға газ құбырын жеткізген мердігер «Батысстройгаз» ЖШС осы мақсатқа барлығы 700 млн. теңге қар­жы жұмсады. Ал ауылда­ғы үйлерді газға қосқан жер­гі­лік­ті «Нұржан» ЖШС болып та­­былады. Округтен бұл жұ­мыс­­қа 13 жұмыссыз адам қамтыл­ды. Қазіргі таң­да Кө­­нек­­кеткен ауылы бойынша 5,8 км, ал Қа­мыстыкөл ауылында 1,2 км газ құбырлары жүр­гізілген. Қазірдің өзінде 54 үй табиғи газға қосылса, жаңа жылға дейін тағы 60-қа тарта үй «көгілдір отын» жақпақшы. Ал әлеуметтік ны­сан­дарға газ құбыры келесі жыл­дың басында қосылмақшы.

ОРАЛ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат  

Ключевые слова: Мұнай-газБатыс Қазақстан облысыҚоғам
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту