Тәуелсіздік жылдары «қара алтын» өндірісі үш есе артты

размер шрифта: Aa | Aa
18.12.2013 12:56
Тәуелсіздік жылдары мұнай-газ саласы елде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық рефор­маларды қолдаудың бірден-бір факторы болғаны айқын.

 Бүгінде ЖІӨ-нің төрттен бір бөлігі және мемлекеттік бюджетке түсетін табыстың жартысы­нан астамы осы саланың үлесінде. Жиырма жыл­дың ішінде мұнай өндірісі үш есе артты. Салыстыру үшін айтсақ, 1992 жылы 25,8 млн тонна «қара алтын» өндірілсе, 2012 жылы 80 млн тоннаны құрады. Сондай-ақ газ өндіру көлемі бес есеге өсіп, жылына 40 млрд текше метрге жетті. Тәуел­сіздік жылдары мұнай-газ саласына 60 млрд доллар инвестиция тартылса, оның 20 миллионы соңғы бес жылда құйылған, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

 Осы салада іске қосылған ең соңғы ірі жоба - Қашаған. Сонымен бірге ол соңғы 40 жылдың ішіндегі әлемдегі ең қымбат энергетикалық жоба саналады. Қашаған кен орнындағы геологиялық қор 4,8 млрд тонна деп бағаланған. 2015 жылы бұл кеніштегі мұнай өндіру көлемі жылына 13 млн тоннаны құрайды деп жоспарланған. Қашағанды дамыту кезеңдерін есепке алғанда, әрмен қарай мұнай өндіру көлемі жылына 51 млн тоннаға жеткізілмек.

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газТәуелсіздік
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту