«ҚазТрансОйл» мұнай айдайтын екі станцияны іске қосты

размер шрифта: Aa | Aa
19.12.2013 11:44
Қазақстан-Қытай мұнай құбырының Атасу-Алашаңқай учаскесінде мұнай айдайтын екі станция пайалануға берілді. Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты хабарлады.

«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) баспасөз қызметінің мәліметінше, «осы өндірістік объектілерде жұмыстың басталуы «Атасу - Алашаңқай» мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді».

Мұнай айдау станцияарының құрылысын «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС қаржыландырды. Бұл кәсіпорынға ҚТО мен Қытайдың CNODC компаниясы тең иелік етеді. Қосымша құн салығын есептемегенде, жоба бойынша шығын - 20,9 млрд. теңге.
2012 жылы Атасу-Алашаңқай арқылы 10,4 млн тонна, ал ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 10,9 млн. тонна Қазақстан мұнайы тасымалданды.

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту