Ресей мен Қазақстан ресейлік мұнайды Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдау турасындағы уағдаластыққа қол жеткізді

размер шрифта: Aa | Aa
24.12.2013 18:03
РФ Энергетика министрі Александр Новак пен ҚР Мұнай және газ миинстрі Ұзақбай Қарабалин екі ел Үкіметтері арасында ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Аталған құжат екі ел Президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында рәсімделді, деп хабарлады РБК.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай «Роснефть» компаниясы мен еліміздің «ҚазМұнайГаз» және «ҚазТрансОйл» компаниялары Қазақстан аумағы арқылы Қытайға мұнай тасымалдау туралы алдын ала келісімшарт пен кепілге қол қойған болатын. Құжат 2014 жылдан бастап жылына 7 млн. тонна ресейлік мұнайды тасымалдауға негіз болады.

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат  

Ключевые слова: ҚР Мұнай және газ министрлігіҚазақстан және Ресей«ҚазМұнайГаз»Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту