«ҚазМұнайГаз» орталық аппараты қайта құрылымдаудан өтті

размер шрифта: Aa | Aa
27.12.2013 13:58
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ орталық аппаратын қайта құру ісі аяқталды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Құрамында 239 еншілес және тәуелді компания бар ҚМГ-да қайта құрудың қажеттілігі ірі еншілес компаниялардың («ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз», «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ) бір-бірінің міндеттерін қайталауына байланысты қолға алынды.

Қайта құрылымдау нәтижесінде ҚМГ-да қызметті оңтайландыру үшін бизнес-бағыттардың әрқайсысы бойынша дивизиондық жүйе енгізілді. Мысалы, негізгі еншілес компаниялардың бірінші басшылары ҚМГ Басқармасының мүшелері болды, сондай-ақ басқарушы директорлар лауазымы енгізілді, ҚМГ өндірістік блоктарының саны барынша оңтайландырылды.

ҚМГ басшылық құрамы мынадай: Сауат Мыңбаев, Басқарма төрағасы; Данияр Берлібаев, Басқарма төрағасының корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары; Қайыргелді Қабылдин, Басқарма төрағасының мұнай тасымалы жөніндегі орынбасары - «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры; Серік Сұлтанғали, Басқарма төрағасының газ тасымалы және маркетинг жөніндегі орынбасары - «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры; Данияр Тиесов, Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары - «ҚазМұнайГаз» өңдеу және маркетинг» АҚ Бас директоры; Нұртас Шманов, Басқарма төрағасының сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.

Қайта құрылымдау нәтижесінде ҚМГ-ның орталық аппаратында бірлестіктер саны қысқартылып, бірқатар департаменттер атауы өзгертілді. Орталық аппараттағы қызметкерлердің саны енді 376 адам құрады.

Қайта құрылымдау шеңберінде «ҚазМұнайГаз» жанындағы «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бір бөлігінде ЕТҰ-да қолданылатын өндіру технологиясын міндетті түрде сараптайтын және бекітетін құқығы бар Бұрғылау және өндіру технологиясы ғылыми-зерттеу институты құрылады.

ҚМГ Басқарма төрағасының барлау және өндіру ісіне жетекшілік ету жөніндегі бірінші орынбасары, ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директор қызметтеріне, сондай-ақ Бұрғылау және өндіру технологиясы ғылыми-зерттеу институты директорлығына шетелдік жоғары кәсіби мамандар тағайындалады. Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына өндірілетін активтер жөніндегі басқарушы директорлар, ҚМГ-ның бас геологы және аталған ғылыми-зерттеу институтының директоры бағынады және есеп береді.

ҚМГ-ның жаңа құрылымы корпоративтік басқару жөніндегі озық халықаралық стандарттарға сай келеді және мұнайгаз секторында бірегей саясатты жүзеге асыра отырып, ҚМГ-ның негізгі еншілес ұйымдарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Отандастар«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту