Екібастұз ГРЭС-2 кәсіпорны жыл соңына дейін жалпы құны 165 млн теңгелік экологиялық жобасы іске асырмақ

размер шрифта: Aa | Aa
06.01.2014 17:01

Екібастұз ГРЭС-2 кәсіпорны жыл соңына дейін жалпы құны 165 млн теңгелік экологиялық жобасы іске асырмақ.
Кәсіпорын баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба негізінде өндіріс қалдықтарын сақтайтын полигон салу көзделіп отыр.

«Жоба бойынша полигонда қауіптілігі 4-ші және 5-ші деңгейдегі қалдықтар сақталмкақ», - делінген хабарламада.
Жерді ластамау мақсатында жолға қиыршық тас төселіп, полигон аумағы қоршауға алынады және жасыл-желек егіледі.
«Үш мыңнан астам ағаш пен бұта егу жоспарланып отыр. Ауаны ластамас үшін толған секцияларды жабу көзделген. Жер астындағы су көздерін сақтау жағы да қарастырылған», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Павлодар. 6-қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту