Қазақстан және Өзбекстан Қырғызстан үшін газ бағасын 2013 жылдың деңгейінде қалдырды

размер шрифта: Aa | Aa
09.01.2014 17:00
Қырғызстандағы газ тасымалдау саласындағы монополист "Қырғызгаз" ААҚ Қазақстан және Өзбекстанмен 2014 жылдың 1-ші тоқсанында табиғи газды 2013 жылдың бағасымен сатып алу жайында келісті.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, "Узтрансгаз" АҚ-мен арада 25 млн текшеметр табиғи газды 1 мың текшеметрін 290 доллар бағамен алу туралы келісімге қол қойылған.
"ҚазТрансГазбен" арада 100 млн текшеметр табиғи газды 1 мың текшеметрін 224 доллар бағамен алу туралы келісілген. Қазіргі уақытта қазақстандық жақпен арада келісімшартты келістіру жөніндегі бүкіл қажетті процедуралар жүргізілуде, сосын құжатқа қол қойылады, деп атап өтті "Қырғызгаздан".
Одан кейінге мерзімдерге газ тасымалдауға қатысты келісімшарттарға компанияның жаңа қожайыны- "Газпром" ААҚ қол қоймақ, деді баспасөз қызметінен.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев республика ішінде тұтынушыларды газбен тұрақты түрде қамсыздандыру үшін "Қырғызгазды" символикалық түрде 1 долларға жекешелендіруді мақұлдайтындығын бірнеше рет білдірген. Компанияны бұл бағаға сату туралы шешімге ресейлік жақтың Қырғызстанда газ құбырларын жаңалауға 20 млрд рубль инвестиция құюға міндеттеме алғандығы ықпал еткен болатын.

Бішкек.9 қаңтар. ИНТЕРФАКС 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту