Қашаған кен орнында «Д» аралынан тартылған мұнай құбыры тексеріледі

размер шрифта: Aa | Aa
09.01.2014 11:24
Атырау облысындағы Қашаған кен орнында «Д» аралынан тартылған мұнай құбыры тексеріледі, деп хабарлады «Норт Капиан Оперейтинг Компани» компаниясының баспасөз қызметінен.

«Ішкі құбырлық диагностикалық снарядтың көмегімен ұзындығы 96 шақырымдық газ құбырының барлық жолы тексерілді. Алдын алу шарасы ретінде консорциум «Д » аралынан жер үстіндегі кешенге дейін тексеру жұмыстарын жүргізеді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қашаған кен орнында мұнай өндіру 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталды. Алайда 24 қыркүйектен кен орнындағы өндірістік газдың кемуіне байланысты тоқтатылған болатын. Тиісті жұмыстар атқарылғаннан соң жұмыс қайта жанданды, бірақ 9 қазан күні газдың жылыстауына байланысты қайта тоқтатылды. Зақымданған құбырды жөндегеннен кейін толықтай бақылауда гидрозерттеу жүргізілді. Оның барысында газдың шығуына әсер еткен басқа зақымданған жерлер табылды. Қазір мұқият зерттеу басталды.

АТЫРАУ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Маңғыстау облысыМұнай-газОқиға
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту