Astana Solar компаниясы 2014 жылы күн панельдері өндірісін 4,6 есе арттырмақ

размер шрифта: Aa | Aa
16.01.2014 14:12

«Astana Solar» ЖШС 2014 жылы 37 мегаваттық күн панельдерін шығаруды жоспарлап отыр.
Ұлттық компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл «Astana Solar» ЖШС жалпы қуаты 37 МВт болатын 162 мың 800 панель шығармақ.

Ал, былтыр зауыттан шыққан 35 мың панельдің жалпы қуаты 8 МВт болатын.
Осылайша, компания биыл өндіріс көлемін 4,6 есе арттыруды көздеп отыр.
«1 Вт баламалы қуат көзінің құны 2 доллардан аспайды. Зауыт жобада көрсетілген 50 МВТ қуаттылықпен жұмыс істей бастаған кезде оның бағасын да арзандатуды ойластырып отырмыз. 2014 жылға жоспарланған өнімнің 13,1 Мегаватын сату туралы келісім бекітіліп те қойған. Биыл Қазақстанда шығарылған күн панельдерін пайдалана отырып, күннен қуат алатын 7 энергостанция салу көзделіп отыр», - делінген хабарламада.
Astana Solar компаниясы өнімдері Қазақстанда сертификатталған. Биылғы жыл соңына дейін ол Франциядан сертификат алады. Бұл компания өнімдерін халықаралық рынокқа шығаруға мүмкіндік береді.

Алматы. 16-қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту