Бүгін Астанада Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен «KAZENERGY» Қауымдастығы Кеңесінің 15-і отырысы өтті

размер шрифта: Aa | Aa
16.01.2014 17:06

Бүгін Астанада Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен «KAZENERGY» Қауымдастығы Кеңесінің 15-і отырысы өтті. Қауымдастық Кеңесі дегеніміз жұмысына Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін, әрі  KAZENERGY  Қауымдастығы қатарына қабылданған ірі отандық және шетелдік мұнай-газ бен энергетика компанияларының жетекшілері кіретін консультативтік кеңес органы болып табылады.

KAZENERGY Қауымдастығы Кеңесінің кеңеейтілген отырысына, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов, ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин, ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, сондай-ақ, Астанаға жұмыс бабындағы іс-сапармен келген Халықаралық Энергетикалық Агенттіктің  (бұдан ары - ХЭА) Атқарушы директоры Мария Ван дер Ховен қатысты. ХЭА басшысы баяндамасында 2013 жылғы Әлемдік энергетикалық шолуды таныстырып, агенттік әзірлеген жаһандық энергетиканың даму перспективаларына қатысты болжамдарымен бөлісті. Бұл беделді халықаралық ұйымның бағасы көбіне республиканың үмітіне сай келіп жатады. Агенттіктегілер Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін ұлғайта алатын мемлекеттер қатарында екенін атап айтты.

Осы жолғы отырыста ерекше назар аударылған тағы бір оқиға «KAZENERGY» Қауымдастығы әзірлеген Ұлттық энергетикалық баяндама ресми түрде таныстырылды. Стратегиялық маңызды құжаттың кейбір тұстары ХЭА мамандарының болжамымен тұстас келіп жатты.

Бұл іргелі құжатты тиянақты әзірлеуде ауқымды іс атқарылды. Онда мұнай-газ саласына және жалпы бүтіндей отандық энергетиканың болашақтағы дамуын тап басып жоспарлауға қажетті Қазақстанның энергетикалық балансының негізгі тетіктері айқындалған.  Осылайша, KAZENERGY Қауымдастығы әлемдік энергетикалық нарықтың сенімді, әрі жауапты мүшесі ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделін нығайту жұмысын белсенді жүргізіп жатыр.

Отырысқа ірі мұнай-газ және энергетикалық компаниялардың жетекшелері, қауымдастық пен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары да қатысты.

KAZENERGY Қауымдастығының баспасөз қызметі
+77172790181, 790199
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

Баспасөз-хабарлама. 16.01.2014 ж. Астанада, Қазақстан

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту