2014 жылы Қашағандағы мұнай өндіру көлемі 2 млн. тоннаға жетеді - Ұ. Қарабалин

размер шрифта: Aa | Aa
17.01.2014 09:54
Биыл Қашағанда нақты қандай мөлшерде мұнай өндірілетіндігі туралы дөп басып айту қиын, дегенмен болжам бойынша ол көрсеткіш 2 млн. тонна шамасында болады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин атты.

«Өндіру көлемін тап басып айту қиын, өйткені жөндеу жұмыстарына қанша уақыт берілетін және өндіру мөлшері қандай болатыны белгісіз. Бірақ бүгінде біз Қашағанда шамамен 2 миллион тонна мұнай өндіреміз деп күтіп отырмыз», - деп атап өтті ол.

Министрдің мәліметінше, 2013 жылы Қазақстан бойынша барлығы 81,7 млн. тонна мұнай өндірілген. «Бұл оның алдыңғы жылынан 3,2 пайызға көп. Ал 2014 жылға 83 млн. тонна болады деп жоспарлап отырмыз. Біздің ойымызша, Қашаған да биылғы жұмысқа қосылады деп отырмыз», - деді министр.

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Әбу-Асқар Мекешұлы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту