Қазақстанда мұнай өнімдерінің жетіспеушілігі тек 2017 жылдан кейін ауыздықталады - А.Мағауов

размер шрифта: Aa | Aa
17.01.2014 09:56
Қазақстандағы мұнай өнімдерінің тапшылығы тек 2017 жылдан кейін ғана ауыздықталады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында «KazEnergy» ассоциациясының Бас директоры Әсет Мағауов айтты.

«Қазіргі кезде мұнай өнімденіне деген дефицит анық сезіліп отыр. Бірақ 2017 жылы 3 мұнай өңдеу зауытын модернизациялау жұмыстары аяқталған соң, бұл көрсеткіштің жақсару мүмкіндігі бар», - деді ол.

Дегенмен, 2020 жылдан кейін мұнай өнімдеріне деген сұраныс тек өсіп отырады. «Сондықтан аталған мәселе жаңа мұнай өңдеу зауытын салуға немесе қолданыстағылардың бірін тағы да жетілдіруге итермелеуі мүмкін», - деп атап өтті Ә. Мағауов.

«Егер де газбен жұмыс жасайтын қозғалтқыштарға арналған жанармай нарығын белсенді түрде дамыта түссек, аталған мәселені ұзақ мерзімге қалдыра тұруға болар еді», - деген ойымен бөлісті ол.

Ә. Мағауовтың пікірінше, 2017 жылы мұнай өңдеу зауыттарын жетілдіргеннен кейін ҚР-да мазут өндіру едәуір азаюы мүмкін. «Егер біз қазір 3,7 млн. тонна мазут өндіріп отырсақ, 2017 жылдан кейін 1,5 млн. тоннаға дейін азаюы мүмкін. Сондықтан осы отын түрін қолданатын электр стансалары мен қазандықтарға балама отын түрлеріне көше бастау керек немесе соған сай жетілдіру қажет», - деп түйіндеді Ассоциация басшысы.

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: KazEnergyМұнай-газӘ. Мағауов
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту