2025 жылдан кейін Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі біртіндеп төмендей береді - «KazEnergy» болжамы

размер шрифта: Aa | Aa
17.01.2014 09:54
2025 жылдан кейін Қазақстанда жаңа кен орындары ашылмаса, мұнай өндіру деңгейі біртіндеп төмендей береді. Мұндай болжамды «KazEnergy» ассоциациясының Бас директоры Әсет Мағауов айтты.

«Соңғы жылдарда мұнай өндіру деңгейі тұрақты түрде жылына 8 млн. тонна төңірегінде сақталып келеді. Бұдан былайғы өсу Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ және теңіз жобалары сияқты ірі кен орындары есебінен күтіліп отыр. Сонымен қатар, егер жаңа көздер ашылмаса және жаңа құрылымдар пайдалануға берілмесе, құрлықтағы мұнай өндіру деңгейі біртіндеп төмендей бермек», - деді Ә. Мағауов.

«Осыған байланысты бізде еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттарға мұнай жеткізу мәселесі туындайды. Өйткені дәстүрлі тасымалдаушылардың мұнай өндірудегі үлесі біртіндеп төмендеп келеді», - деді Ә. Мағауов.

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат 



Ключевые слова: Мұнай-газӘ. МағауовKazEnerg
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту