Мемлекет басшысы Қазақстанда мұнай мен газ өндірудің мүмкін болатын сценарийін түпкілікті айқындауды тапсырды

размер шрифта: Aa | Aa
17.01.2014 17:57
Мұнай мен газ өндірудің мүмкін болатын сценарийін түпкілікті анықтауымыз қажет. Бүгін Президент Н. Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы барысында осылай мәлімдеді.

 «Қазақстанның ең дамыған әлемнің отыз елінің қатарына қосылу тұжырымдамасы алдағы жұмысымыздың басым бағыттары ретінде белгіленген. Біз соған орай, бірқатар бағдар бойынша бірнеше міндеттерді шешуге тиіспіз. Біріншіден, инновациялық индустрияландырудың трендін жетілдіріп, күшейтуге тиіспіз. Мен Үкіметке Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығына жоспар әзірлеуді тапсырдым. Бірінші бесжылдық биыл аяқталады. Атқарылғандар аз емес, кемшіліктер де жоқ емес. Сол үшін біз бұл бағдарламадағы олқылықтарды түзеп, индустрияландырудың басымдықтар санын шектеуге тиіспіз», - деді Н. Назарбаев.

  Бұл ретте Елбасы экономиканың дәстүрлі өндіруші секторындағы тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. «Бұл біздің бәсекелестіктегі шынайы басымдығымыз. Дегенмен, бізге көмірсутектерді өндіру мен өңдеуде жаңа қадамдар қажет. Бұл ретте мұнай мен газ, тау кен өнімдерінің экспорттық әлеуетінің сақталуы да қамтылуы шарт. Мұнай мен газ өндірудің мүмкін болатын сценарийін түпкілікті анықтауымыз қажет. Бізге ағымдағы уақытта қанша, перспективада қанша қажет?», деді Мемлекет басшысы.

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газҚазақстан ПрезидентіЖолдауҚазақстан- 2050 Стратегиясы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту