2014 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін Үкімет 4-ші мұнай өңдеу зауыты мен атом стансасы құрылысының мерзімін анықтауы тиіс - Н.Назарбаев

размер шрифта: Aa | Aa
17.01.2014 17:59
 2014 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін Үкімет 4-ші мұнай өңдеу зауыты мен атом стансасы құрылысының мерзімін анықтауы тиіс.

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Үкімет ағымдағы жылдың 1 тоқсанының соңына дейін төртінші мұнай өңдеу зауыты мен атом электр стансасын орналастыру, инвестициялау және салу мерзімі бойынша мәселелерді шешуі керек», - деді Қазақстан Президенті.

Бұл ретте Қазақстан Президенті газ, мұнай сынды табиғи отынға бай елде атом электр стансасының неліктен қажет екендігін де тарқата айтып берді әрі Үкімет қолға алатын шаруаларды халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін баса айтты. «Болашақ атом электр стансасында», - деді Елбасы.

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат  

Ключевые слова: Қазақстан- 2050 СтратегиясыМұнай-газЭнергетикаҚазақстан ПрезидентіЖолдау
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту