Үндістандық компаниялар Қазақстандағы жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысуға дайын

размер шрифта: Aa | Aa
20.01.2014 09:01
 Үндістандық компаниялар Қазақстандағы жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысуға дайын. Бұл туралы «КСС» компаниясының құрылыс жөніндегі директорының орынбасары Правин Раягаде мәлім етті.

Айта кетейік, ҚР Президенті Н.Назарбаев бүгін өзінің Жолдауында Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жөнінде тапсырма берген болатын. 
«Елімізде жанармай, дизель және әуекеросині көп мөлшерде шығарылуы керек. Сол үшін жаңа мұнай өңдеу зауытын салу қажет», - деген Елбасының жаңалығы Атырауда мұнай өңдеу зауытында бірқатар нысандардың құрылысына қатысып отырған үндістандық компанияның жұмыскерлері мен басқарушылары арасында үлкен қызығушылық танытты. 
«Инвесторларға бұдан әрі де жақсы жағдайлар жасалады. Атырауда жұмыс істей отырып, бізде бірлескен ықпалдастықтың үлкен тәжірибесі жинақталды. Егер біздің технологиялар, мамандар керек болатын болса, компания Қазақстанға жаңа мұнай өңдеу зауытын салуға көмектеседі»,- деп атап өтті Правин Раягаде.

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газАтырау облысыҚазақстан ПрезидентіЖолдауӨнеркәсіп
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту