«ҚазГерМұнай» ұжымы Жолдауға қолдау білдірді

размер шрифта: Aa | Aa
20.01.2014 09:20
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы «Қазақстандық жол - 2050: ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауды қызылордалықтар қызу қуаттауда, деп хабарлады Қызылорда-ньюс сайты.

Олардың қатарында аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі - «ҚазГерМұнай» БК ЖШС-нің ұжымы да бар. Кеше «Ақшабұлақ» кенішінде мұнайшылар Парламент палаталарының бірлескен отырысынан тікелей трансляцияны тамашалап, Елбасы Жолдауын бірге тыңдады.

Содан кейін саяси маңызды құжаттың ерекшеліктерін екшеді. Жолдауда келешектің келелі міндеттері сараланып көрсетілген. Елбасы болашақта мемлекетте жүзеге асырылуға тиіс он ірі жобаны атады. Соның бірі ретінде елімізде мұнай өңдеу зауытын ашу міндеті қойылды.

Мұнайшылар басқосуында компания директоры Медет Кәрім дәстүрлі Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау үшін, ортақ мүдде, ортақ мақсат жолында күш жұмылдыруға дайын екендіктерін жеткізді.

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Қазақстан- 2050 СтратегиясыҚызылорда облысыМұнай-газЖолдау
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту