«ҚазРосГаз» басшысы Қ.Боранбаев қызметінен кетті

размер шрифта: Aa | Aa
21.01.2014 09:23
Қазақстан мен Ресейдің бірлескен кәсіпорны «ҚазРосГаз» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Қайрат Боранбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Қ.Боранбаев газ саласындағы аталмыш кәсіпорынды 2006 жылдан бері басқарып келген болатын.

Оның басшылығы кезінде кәсіпорын Қазақстан мен Ресейдің газ саласындағы екіжақты серіктестігінің жарқын үлгісі атанды.

«Бұл компанияда мен сегіз жыл қызмет еттім, ендігі кезекте өзімді кәсіпкерлікте шыңдап, жаңа жобалардың іске асырылуына күш жігерімді салуды жоспарлаудамын.  «ҚазРосГаз» меніңше тұрақты дами бермек және оның құрылтайшылары - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Газпром» қойған міндеттерді толықтай орындайды», - деп атап өтті ол.

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Лауазымнан босауМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту