Төртінші мұнай өңдеу зауытын Жезқазғанда салу керек - депутат А. Бегенеев

размер шрифта: Aa | Aa
22.01.2014 16:57
 Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын Жезқазғанда салу керек. Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген Төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысты пікірін білдірген Мәжіліс депутаты Андрей Бегенеев ҚазАқпарат тілшісіне осындай пікір білдірді.

Мәжіліс депутатының пайымына сәйкес, жаңа мұнай өңдеу зауытын Жезқазған қаласында салу экономикалық тұрғыдан алғанда аса тиімді. «Мәселен, келер жылы «Бейнеу-Жезқазған» темір жолының құрылысы аяқталады, бұл желі мұнайлы өлке саналатын елдің батысын Орталық Қазақстан аймағымен байланыстырады. Сонымен қатар, мұнай өңдейтін зауытқа қажетті ең басты материал - темір, бұны да Жезқазғанға жақын өңір Қарағандыдан алуға болады.  Ең бастысы, Жезқазғанда мұнай өңдеу зауытын салу осы аймақтағы кен қорының таусылуына байланысты орын алып жатқан әлеуметтік проблемаларды шешуге де септігін тигізбек», - дейді А. Бегенеев.

Бұдан бөлек, депутат Жезқазған өңірінің географиялық орналасу аумағын да, өңір климатын да жаңа зауыт үшін басымдық болып табылатынын алға тартады.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Елбасы Үкіметке ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы мерзімін, оны орналастыру мен инвестиция мәселелерін шешуді тапсырған болатын.

АСТАНА. 21 қаңтар.ҚазАқпарат 



Ключевые слова: Мұнай-газПарламентҚазақстан- 2050 СтратегиясыЖолдау
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту