Қазақстандық компания бірқатар елдердің арасында «Сала үздігі» атанды

размер шрифта: Aa | Aa
24.01.2014 17:03
 Мұнай-газ құралдарының конструкторлық бюросы «Сала үздігі-2013» ұлттық сертификатымен және медалімен марапатталды. Сонымен қатар ел экономикасына қосқан елеулі үлесі үшін компания басшысы Алтай Бурабаевқа «Қазақстан Даңқы» ордені тапсырылды.

Статистикалық мәліметтер нәтижесі бойынша, конструкторлық бюро инженерлік ізденістер мен техникалық кеңестерді ұсыну саласында үздік 25 компанияның қатарына еніп отыр.

Аталған шараны Ұлттық бизнес-рейтингтердің одағы халықаралық ұйымының қолдауымен Ресейдегі «Ұлттық бизнес-рейтинг» бағдарламасы ұйымдастырды. Аталған одақ бүгінде Қазақстан, Украина, Беларусь, Ресей, Әзірбайжан елдерін біріктіріп отыр. 

Конструкторлық бюро - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның еншілес ұйымы. Бюро бүгінде мұнай-газ саласында сұранысқа ие құралдар мен жабдықтар, материалдар бойынша жұмыс істейді.

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат



Ключевые слова: Инновациялық жобаМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту